Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақала акциялары Қазақстан қор биржасында (KASE) айналыста болатын Қазақстанның төрт жетекші банкінің: Халық Банкі, Kaspi Bank, Банк ЦентрКредит және Forte Bank инвестициялық тартымдылығын салыстырмалы талдауға арналған. Зерттеу 2023-2025 жылдар аралығын қамтиды. Жұмыстың мақсаты – Бенджамин Грэм мен Уоррен Баффеттің әдіснамасына негізделген классикалық құндық инвестициялау принциптеріне сүйене отырып, негізгі қаржылық көрсеткіштер призмасы арқылы әрбір банк бизнесінің ішкі құнын бағалау. Негізгі индикаторлар ретінде меншікті капитал рентабельділігі (ROE), активтер рентабельділігі (ROA), капитал жеткіліктілігі және активтердің өсу динамикасы қолданылды. Эмпирикалық база KASE платформасындағы эмитенттердің қаржылық есептілігі деректері бойынша қалыптастырылды. Талдау нәтижелері профильдердің айтарлықтай сараланғанын көрсетті: Kaspi Bank ең жоғары, бірақ қалыпқа түсу белгілері бар рентабельділікті көрсетеді (активтердің 32,3%-ға өсуі кезінде ROE 77,0%-дан 41,1%-ға дейін төмендеді); Халық Банкі сапалы ұзақ мерзімді актив ретінде тұрақтылығымен ерекшеленеді (тұрақты ROE 28-30% және ROA 5,1%); Банк ЦентрКредит орташа левередж кезінде активтердің агрессивті өсуін көрсетеді; Forte Bank ең төменгі ROA (2,9%) және капитал жеткіліктілігінің 10,6%-ға дейін төмендеуімен бәсекелестерінен қалыс қалуда. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның қор нарығында портфельдерді қалыптастыру кезінде институционалдық және бөлшек инвесторлар үшін практикалық маңызға ие.</jats:p>

Show More

Keywords

және bank капитал активтердің кезінде

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect