Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада кеңістікте бағдарлануға және қозғалысты интеллектуалды басқаруға арналған техникалық көру жүйесі бар автономды мобильді роботты әзірлеу қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі мобильді робототехниканың қарқынды дамуымен және өнеркәсіп, көлік, медицина және басқа салалардағы процестерді автоматтандыру қажеттілігінің артуымен түсіндіріледі. Жұмыстың негізгі мақсаты – динамикалық ортада автономды қозғалу, нысандарды тану және кедергілерден айналып өту қабілетіне ие робототехникалық кешен құру. Жұмыста Raspberry Pi 3 мини-компьютері, веб-камера, L298N қозғалтқыш драйвері, доңғалақты платформа және қоректендіру жүйесінен тұратын мобильді роботтың архитектурасы мен аппараттық құрылымы сипатталған. Интеллектуалды басқаруды жүзеге асыру үшін OpenCV кітапханасына негізделген компьютерлік көру алгоритмдері қолданылды. Бұл алгоритмдер бейнеағынды талдауға, нысандардың шекараларын анықтауға және робот қозғалысының бағыты бойынша нақты уақыт режимінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері әзірленген роботтың автономды навигация, кедергілерді анықтау және қоршаған орта жағдайларына бейімделу міндеттерін тиімді орындай алатынын көрсетті. Бағдарламалық қамтамасыз ету кескіндерді өңдеудің жоғары дәлдігін және басқару жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Әзірленген кешен мобильді робототехникада жасанды интеллект пен техникалық көру технологияларын қолданудың болашағы зор екенін көрсетеді және білім беру, зерттеу және қолданбалы мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.</jats:p>

Show More

Keywords

және мобильді көру автономды техникалық

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect