Abstract
<jats:p>Мақалада органикалық химия пәнінің күрделі тақырыптарын жоғары оқу орнында оқыту барысында mind mapping және concept mapping әдістерін қолданудың әдістемелік мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – аталған визуалды оқыту әдістерінің студенттердің оқу материалын түсінуіне, жүйелеуіне және меңгеру деңгейіне ықпалын анықтау. Зерттеу 6В05302 – «Химия» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері арасында жүргізілді. Әлеуметтік зерттеу әдістерінің бірі ретінде сауалнама қолданылып, тәжірибелік жұмысқа дейінгі бастапқы және тәжірибелік жұмыс аяқталғаннан кейінгі қорытынды сауалнама нәтижелері салыстырмалы түрде талданды. Бастапқы сауалнама органикалық химияны меңгерудегі негізгі қиындықтарды және студенттердің тиімді деп есептейтін оқыту әдістерін анықтауға бағытталды. Қорытынды сауалнама бақылау және эксперименттік топтарда бөлек жүргізіліп, визуалды әдістердің оқу процесіне әсері бағаланды. Зерттеу нәтижелері mind mapping және concept mapping әдістерін қолдану студенттердің оқу материалын құрылымдауына, теориялық ұғымдар арасындағы байланысты түсінуіне және пәнге қызығушылығының артуына оң ықпал ететінін көрсетті. Мақала материалдары органикалық химияны оқыту үдерісін жетілдіруге және визуалды оқыту әдістерін практикада қолдануға әдістемелік негіз бола алады.</jats:p>