Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы орта білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен педагогтердің жасанды интеллекті туралы хабардарлығын, қабылдауын және қолдану тәжірибесін зерттеу. Зерттеуге Қазақстандағы барлық өңірлерден, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан білім алушылар мен педагогтер қатысты. Білім алушылар мен педагогтерге арналған сауалнамаларды авторлар UNESCO-ның білім беру саласындағы жасанды интеллектке қатысты халықаралық құрылымдық құжаттарын және TAM, UTAUT модельдерінің концепцияларын ескере отырып даярлады. Сауалнаманың кейбір нәтижелері көрсеткендей, жалпы алғанда мектеп білім алушылары мен педагогтер білім беру саласында жасанды интеллект қолдану перспективаларын оң қабылдайды. Сонымен қатар жасанды интеллект құралдарына қолжетімділік, білім алушылар мен педагогтердің жасанды интеллект бойынша сауаттылық деңгейі, жасанды интеллект саласындағы білім мазмұны және орта білім беру жүйесінде осы технологияларды жауапты енгізу жағдайларына қатысты бірқатар мәселелер анықталды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығының бір дәлелі – Қазақстандағы орта білім беру ұйымдарының 38 809-нан астам білім алушылары мен педагогтерін қамтыған эмпирикалық деректерді жинақтау. Алынған нәтижелерді әрі қарай болашақ зерттеулерде, сондай-ақ жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологияларды білім беру тәжірибесіне енгізу барысында қолдануға болады.</jats:p>