Abstract
<jats:p>Зерттеудің негізгі мақсаты – «Физика» пәнінің базалық мазмұнына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында айқындалған алты базалық құндылықты кіріктірудің ғылыми-әдістемелік моделін негіздеу. Нәтижесінде, мысал ретінде, физика пәнінің мазмұнында «Тәуелсіздік және Отаншылдық» базалық құндылықтарын кіріктірудің нақты мысалдары ұсынылады. Зерттеу барысында базалық құндылықтардың мазмұны физикалық білім беру контекстінде айқындалып, АҚШ-тың Next Generation Science Standards (NGSS), Финляндияның National Core Curriculum, Сингапурдың Science Syllabus және т.б. бағдарламаларына салыстырмалы контент-талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде аталған елдердің физика пәні бағдарламаларында қауіпсіздік мәдениеті, ғылыми адалдық, жауапты шешім қабылдау және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтары оқу нәтижелері жүйесіне кіріктірілгені анықталды.Әдістемелік талдау физика сабағына базалық құндылықтарды интеграциялау білім алушылардың тұлғалық дамуына, ғылыми танымға қызығушылығы мен дербестігін арттыруға, сондай-ақ олардың жауапты азамат ретінде қалыптасуына бағытталған. Оқу пәндерінің мазмұнына енгізілген базалық құндылықтар арқылы білім алған ұрпақ өз ұлттының ажырамас бөлігі ретінде сезініп, өз халқының тарихын, ұлттық менталитеті мен мәдени құндылықтарын бағалауға және қоғамның дамуына саналы түрде үлес қосуға ұмтылады. Мақалада ұсынылған тұжырымдар мен әдістемелік тәсілдер физика пәні мұғалімдеріне құндылықтарға бағдарланған оқытуды жүйелі ұйымдастыруға ғылыми-әдістемелік негіз бола алады.</jats:p>