Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада өсімдік тектес тағамдық талшықпен байытылған функционалды йогурттың аминқышқылдық, майқышқылдық және витаминдік құрамына кешенді бағалау жүргізілген. Зерттеудің өзектілігі биологиялық құндылығы жоғары, физиологиялық белсенді және профилактикалық қасиеттерге ие, адам денсаулығына оң әсер ететін функционалды тағам өнімдерін әзірлеуге деген қызығушылықтың артуымен байланысты. Зерттеу нысаны ретінде өсімдік тектес тағамдық талшық қосу арқылы әзірленген технологиялық схема негізінде зертханалық жағдайда алынған йогурт қарастырылды. Өнімнің биохимиялық құрамын бағалау үшін аминқышқылдық профиль жоғары тиімді сұйықтықтық хроматография (ЖТСХ) әдісімен, майқышқылдық құрамы газдық хроматография әдісімен, ал витаминдік құрамы спектрофотометриялық және хроматографиялық әдістер арқылы анықталды. Зерттеу нәтижелері өсімдік тектес тағамдық талшықты енгізу өнімнің биохимиялық көрсеткіштеріне кешенді оң әсер ететінін көрсетті. Ауыстырылмайтын аминқышқылдарының мөлшерінің артуы анықталып, бұл йогурттың биологиялық құндылығының жоғарылағанын дәлелдейді. Майқышқылдық профильдің оңтайлануы қаныққан май қышқылдарының үлесінің төмендеуімен және моно- және полиқанықпаған май қышқылдарының үлесінің артуымен сипатталады, бұл өнімнің физиологиялық құндылығын арттырады. Сонымен қатар, В тобы витаминдерінің жоғары деңгейде сақталуы байқалып, бұл өсімдік компонентінің тұрақтандырғыш әсерін көрсетеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы өсімдік тектес тағамдық талшықтың йогурттың биохимиялық профилінің қалыптасуына әсерін ескере отырып, оның аминқышқылдық, майқышқылдық және витаминдік құрамына кешенді баға беруде жатыр. Зерттеудің практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді функционалды қасиеттері алдын ала берілген қышқыл сүт өнімдерін әзірлеуде қолдану мүмкіндігімен, сондай-ақ диеталық және профилактикалық тағам өнімдерінің ассортиментін кеңейтумен байланысты. Әзірленген өнім жоғары тағамдық және биологиялық құндылыққа ие, айқын функционалдық қасиеттерімен сипатталады және диеталық әрі профилактикалық тамақтануда қолдануға ұсынылады.</jats:p>

Show More

Keywords

және өсімдік тағамдық тектес жоғары

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect