Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Мақалада макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында Шымкент қаласының ұн тарту кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығын қалыптастыру факторлары кешенді түрде зерттеледі. Қаржылық тұрақтылықтың теориялық мәні нақтыланып, салалық ерекшеліктер ескерілген факторлық жіктеу ұсынылады. Қазақстанның астық нарығындағы өндірістік және экспорттық үрдістер негізінде ұн тарту кәсіпорындарының қаржылық орнықтылығына әсер ететін ішкі, сыртқы және макроэкономикалық факторлар жүйеленді. Ел экономикасының тұрақты өсуі агроөнеркәсіптік кешен құрамындағы ұн тартатын кәсіпорындардың тиімді қызметімен тікелей байланысты екендігі көрсетілген. Шымкент қаласының ұн тарту саласы өңірдің қайта өңдеу өнеркәсібі құрылымында елеулі орын алады және әлеуметтік маңызы бар өнім өндіруді қамтамасыз ететін стратегиялық салалардың бірі болып табылады. Сонымен қатар сала кәсіпорындарының өндірістік әлеуеті, шикізатпен қамтамасыз етілуі және экспорттық мүмкіндіктері талданды. Зерттеу барысында қаржылық тұрақтылыққа әсер ететін негізгі тәуекелдер мен шектеулер анықталып, оларды басқару тетіктері қарастырылды. Нәтижесінде кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын арттырудың стратегиялық бағыттары айқындалып, өңірлік деңгейде тиімді басқару шешімдерін қабылдауға арналған практикалық ұсынымдар ұсынылды. Зерттеу нәтижелері ұн тарту саласы кәсіпорындарының қаржылық стратегиясын әзірлеу кезінде және өңірлік экономикалық саясатты қалыптастыруда пайдаланылуы мүмкін.</jats:p>