Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Осы мақалада құрғақ түйе және бие сүтін негізге ала отырып, өсімдік сығындысымен байытылған функционалды тағамдық өнімдер өндіру технологиясын ғылыми тұрғыдан әзірлеу қарастырылды. Мақалада сүттің сапалық қасиеттерін сақтау мен биологиялық белсенділігін арттыруға бағытталған тәжірибелік әдістер қолданылды. Алынған сүт үлгілері алдын ала механикалық қоспалардан тазартылып, біртекті құрылымға келтірілу үшін сүзгіден өткізіліп, жұмсақ гомогенизациядан өтті, кейін −60°С температурада мұздатылып, сублимациялық кептіру арқылы құрғақ күйге айналды. Сонымен қатар, зерттеуде грек жаңғағы қабығы сығындысы қолданылып, өнімдердің функционалды құндылығын арттыруға бағытталған өзгеріс енгізілді. Зерттеу барысында әзірленген өнімдердің физика-химиялық, витаминдік және минералдық құрамдық көрсеткіштері талданып, сүт пен өсімдік сығындысының өзара әсері бағаланды. Алынған деректер бойынша сублимациялық кептіру әдісі мен өсімдік сығындысының қосылуы өнімнің тағамдық құндылығы мен технологиялық тұрақтылығына оң ықпал ететінін көрсетті. Жүргізілген жұмыстар негізінде функционалды бағыттағы тағамдық өнімдер технологиясын жетілдіру үшін ғылыми негіз қалыптастырады және сүт өнімдерін биологиялық белсенді қоспалармен байытуға мүмкіндік береді.</jats:p>