Abstract
<jats:p>Бұл жұмыста мұнара крандарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған есептеу әдістемесі әзірленді. Әдістеме кранның жұмыс режиміндегі негізгі әсер етуші факторларды –көтерілетін жүк, жел жүктемесі, динамикалық күштер, кранның өз салмағы және тірек шарттарын –кешенді ескеруге мүмкіндік береді. Сандық модельдеу нәтижелері бойынша кранның орын ауыстырулары, эквивалентті кернеулері, тірек реакциялары және тұрақтылықты жоғалту формалары зерттелді. Жүктеме-орын ауыстыру диаграммасы арқылы критикалық жүктеме мен тұрақтылық шегі дәл анықталды, ал тұрақтылық коэффициентінің жебе ұзындығына тәуелділігі қауіпті жұмыс режимдерін алдын ала бағалауға мүмкіндік береді.ANSYS-та зерттеу әдістемесі бойынша есептеу жұмыстары жасалды. Ұсынылған әдістеме мұнара крандарын жобалау, монтаждау және пайдалану кезеңдерінде қолдануға арналған және құрылыс жұмыстарының қауіпсіздікдеңгейін арттыруға бағытталған.</jats:p>