Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Әйел киім жиынтығын заманауи үлгіде дайындауда, этномәдени құндылықтарды сақтап жаңаша интерпретациялауда, заманауи сән талаптарына сай көркемдеп безендіруде, қазақтың ұлттық ою-өрнектердің түрлері зерттелді. Мақалада әйел киім жиынтығы дәстүрлі қазақ киімдерінің пішіндік құрылымын сақтай отырып, қазіргі заман үлгілеріне сай сублимациялық баспа әдісте ою-өрнектермен безендірілді. Зерттеу жұмысында ою-өрнекпен безендірілген сынақтық үлгілердің бояуының тұрақтылығы, шыдамдылығы мен беріктілік көрсеткіштері, әрленген бояуының сулануға төзімділігі мен гигроскопиялық қасиетінің тұрақтылығы стандарттық көрсеткішпен талданды. Нәтижесінде, шыдамдылығы мен беріктілік көрсеткіштері, бояуының тұрақтылығын және әрленген бояуының сулануға төзімділігін талдағанда, ең жоғары сапа көрсеткіштерін кашемир мен бархыт материалдары көрсетті. Милана мата үлгісі барлық сынақтарда стандарттық талаптағы көрсеткіштерге сәйкес келді, күнделікті тұтынатын киімдерге қолдануға ұсынылды. Шифон мен армани жібегінің сынақтық үлгілері төменгі көрсеткіштерді көрсетті, нәтижесінде оларды сәндік материалға қолдануға ұсынылды. Зерттеу нәтижесінде, сублимациялық баспа әдісінде ою-өрнектермен кашемир және милан материалдары безендірілді және заманауи әйел киім жиынтығы дайындалды.</jats:p>

Show More

Keywords

мен бояуының киім заманауи және

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect