Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бейорганикалық химияны оқыту үдерісінде халықтық педагогика элементтерін кіріктірудің ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Қазіргі білім беру кеңістігінде жаратылыстану пәндерін оқыту білім алушыларды тек ғылыми біліммен қаруландырумен шектелмей, олардың ұлттық дүниетанымын, мәдени құндылықтарын және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталуы қажет. Осы тұрғыда бейорганикалық химияның абстрактілі мазмұнын халықтық тәжірибемен байланыстыра оқыту білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолы ретінде негізделеді. Халықтық педагогика мен этнопедагогика ұғымдарының теориялық мәні ашылып, ұлттық дүниетанымда кездесетін металл, тұз, су, от сияқты ұғымдардың химиялық мазмұнмен өзара сабақтастығы талданады. Тәжірибелік бөлімде металдар, тұздар, оксидтер мен жану реакцияларын оқытуда халықтық тәжірибені қолдану үлгілері көрсетіледі. Алынған нәтижелер этнопедагогикалық тәсілдердің білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, жауапкершілік, экологиялық сана және ұлттық сана сияқты тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына оң әсер ететінін дәлелдейді.</jats:p>

Show More

Keywords

білім оқыту халықтық ұлттық педагогика

Related Articles

PORE

About

Connect