Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Қазақ халқының рухани мәдениетінің асыл қазынасы саналатын дәстүрлі ән өнері – ұлттық болмыс пен эстетикалық талғамын танытатын бірегей құбылыс. ХХ ғасырда ғылыми айналымға еніп, хатқа түскен фольклорлық мұралар халықтың поэтикалық қуатын сақтап қалған маңызды дереккөзге жатады. Осыған орай, ұсынылып отырған зерттеу мақаласының негізгі мақсаты – ХХ ғасырдағы қазақ халық ән өлеңдеріндегі табиғат образдарының қолданылу ерекшеліктерін айқындау және табиғат пен адам жанының үндестігін білдіретін психологиялық параллелизм құбылысының поэтикалық қызметін ашуға бағытталған. Зерттеудің негізгі идеясы ән мәтініндегі табиғат суреттерінің жай ғана пейзаж емес, лирикалық кейіпкердің ішкі сезімін бейнелеуші символдық код екенін дәлелдеумен сабақтасады. Зерттеу материалы ретінде «Бабалар сөзі» жүзтомдығының халық ән-өлеңдеріне арналған томдары алынып, мәтіндердегі табиғат образдарының таралу жиілігі статистикалық тұрғыдан есептелді. Жұмыстың ғылыми маңызы фольклорлық туындылардағы «адам – табиғат» тұтастығын жаңа әдеби-теориялық қырынан қарастыруында жатса, практикалық тұрғыдан нәтижелерді жоғары оқу орындарындағы фольклортану, әдебиеттану пәндерін оқытуда және хрестоматиялық жинақтар құрастыруда пайдалануға болады. Зерттеу барысында сипаттамалы талдау, мәтіндік-герменевтикалық талдау, статистикалық, салыстырмалы-типологиялық және этнопоэтикалық зерделеу әдістері қолданылды. Жұмыс нәтижесінде халық әндеріндегі табиғат образдары жүйеленіп, олардың символдық мәні ашылды және психологиялық параллелизмнің тура, теріс, көп мүшелі және бір мүшелі түрлерінің көркемдік қызметі нақты мысалдармен дәйектелді. Қорытындылай келе, табиғат образдары этностың экологиялық мәдениеті мен философиялық дүниетанымының көрінісі екені анықталды. Бұл зерттеу қазақ фольклортану ғылымына халық әндерінің поэтикалық тілін, көркемдік-бейнелеу құралдарын жүйелеу тұрғысынан үлес қоса отырып, ұлттық кодты айқындауға және дәстүрлі ән мәтіндерінің семантикасын терең түсінуге мүмкіндік береді.</jats:p>