Abstract
<jats:p>Мақалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, шебер суреткер Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» роман трилогиясындағы тарихи тұлғалардың көркем бейнесі талданған. Романдағы адам тағдыры мен адам болмысы арқылы заман бейнесі мен уақыт шындығын тану мәселесі басты назарға алынған. ХХ ғасыр адамзат тарихында ерекше оқиғаларға толы, жетісітігімен жеңілісі де көп дәуір. Осы кезең әдебиетін талдау арқылы оқырмен мен зерттеушілерге ой салу, кейіпкерлер бейнесін талдауда тарихи шыңдық пен көркем бейне аражігін ажырата білу маңызды. Мақалада аталған мәселелер жан жақты сараланып, Жаһанша Досмұхамедұлының, Халел Досмұхамедұлының, Бақытжан Қаратаев, Әбдірахман Әйтиевтердің қоғамдық-саяси қызметі мен халқымыздың дүниетанымына қатысты көзқарастары ғылыми тұрғыда негізделген. Тарихи шындық пен көркем шындық мәселесі зерделеніп, ғалымдардың теориялық көзқарастарына туындыдан мысалдар келтіріліп сараланған. Бейне жасауда жазушы шеберлігі, кейіпкер болмысын танытуда тарихи оқиғалардың рөлі, тарихи тұлғалардың көркем бейнесін үлгі боларлық тұстары пайымдалған. Елдің болашағы үшін еңбек еткен тұлғалардың бейнесін қатпарлы тарих қойнауында қалып қоймау үшін, көркем бейне жасаған жазушы мұратын таныту мақаланың басты міндеті. Уақыт пен кеңістік тұрғысынан зерделеу арқылы шығарманың тақырыптық-идеялық маңыздылығы қарастырылған.</jats:p>