Abstract
<jats:p>Мақалада Шернияз Жарылғасұлы шығармаларындағы ұлттық болмыс көріністері тарихи-мәдени аспектіде талданады. Ұлттық поэзияның даму үдерісінде ақын шығармашылығының көркемдік, тарихи-мәдени және идеялық-мазмұндық қырларын бүгінгі заман тынысына сай зерделеу – өзекті мәселелердің бірі. Зерттеудің мақсатын Шернияз жырларындағы ұлт келбеті мен ұлттық рухтың көріністерін анықтап, ғылыми тұрғыда талдау құрайды. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы ХІХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі ұлттық болмыс пен ұлттық идеяның көрініс беру ерекшеліктерін айқындаумен сипатталады. Ұлттық болмыс ұғымы халықтың әртүрлі тарихи кезеңдерде қалыптасқан ұлттық болмыс ерекшеліктері мен дүниетанымдық ұстанымдарының жиынтығы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында салыстыру, саралау, жалпылау, талдау және мәдени-тарихи әдістер қолданылды. Шернияз шығармалары жыраулық дәстүр аясында қарастырылып, ондағы ұлттық болмыс көріністері көркемдік фон, тарихи контекст және авторлық позиция ұғымдары негізінде талданды. Зерттеу нәтижесінде Шернияз жырларында шешендік өнердің, еркіндік идеясының және тарихи тұлғалардың эпикалық бейнеленуінің ұлттық болмысты танытатын басты көркемдік белгілер екені анықталды. Зерттеудің құндылығы ХІХ ғасыр әдебиетіндегі ұлттық сипаттың ерлік пен тарихи тұлғалардың көркем сомдалу ерекшеліктері арқылы айқындалуымен байланысты. Практикалық маңызын ұлттық поэзиядағы ұлттық болмыс мәселесін авторлық позиция тұрғысынан талдауға негіз болуы анықтайды.</jats:p>