Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада жазушы Сара Мыңжасарованың «Әйел бақыты» романы гендерлік теория тұрғысынан қарастырылып, әйел кейіпкерлердің образына арнайы талдау жасалған. Жазушының әйел физиономиясына ғана тән ерекшеліктерді жеткізу шеберлігі мен майдан даласындағы кеңістікті суреттеу ерекшелігіне мән берілді. Жазушының ХХ ғасыр басындағы саяси науқанға сәйкес кеңестік феминизмнің келуіне байланысты қыр қыздарының әйел теңдігін қабылдауы мен ұлттық бірегейлігін жеткізу тәсілдері талданады. Сонымен қатар, шығармадағы әйелдердің гендерлік рөлдерін талдау барысында феминистік теория мен әйел бірегейлігі ұғымдарының өзара тығыз байланыста екені айқындалады. Романдағы әйел кейіпкерлер заман ықпалына сай өзін-өзі қайта танып, патриархал шектеулерге қарсылық білдіреді. Автор әйел бірегейлігін ашу үшін қазақ әйелінің ұлттық және тұлғалық даралығын алдыңғы қатарға шығара отырып сипаттайды. Жазушы әйел бейнесін терең ашу мақсатында кейіпкерлер дискурсын күрделі әлеуметтік, тарихи және саяси мәселелермен байытады. Әйел кейіпкерлер тек отбасы, дәстүр, дін аясында ғана емес, қоғамдық маңызды тақырыптарда да ой толғайды. Романдағы ер кейіпкерлер мен әйел кейіпкерлердің үлесіне гендерлік талдау жасалды. Сондықтан кейіпкерлердің гендерлік үлесінің сандық дерегі диаграмма арқылы  берілді. Жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың  «Ақбілек» романындағы кейіпкер Ақбілек пен жазушы Сара Мыңжасарованың «Әйел бақыты» романындағы кейіпкер Зейнегүлдің тағдыры ұқсас. Екі кейіпкердің бірдей оқиғаға тап болған кездегі жағдайды қабылдауы мен ішкі сезімі талданып, ұқсастықтары мен айырмашылықтары кесте арқылы көрсетілді. Романдағы  әлеуметтік жиындар мен той- мерекелердегі ерлер мен әйелдердің физикалық әрекеттері мен рөлдері анықталып, кестеге түсті.  </jats:p>

Show More

Keywords

мен әйел гендерлік кейіпкерлер Әйел

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect