Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Географиялық атаулар белгілі бір аймақтың тарихи жады мен мәдени болмысын сақтайтын маңызды дереккөз деп білсек, ол атаулардың шығу тегі, мағынасы және тарихи өзгерістерін зерттейтін ғылым – топонимика тек тілді зерттеушілер үшін ғана емес, тарихшылар, археологтар үшін де қызықты болмақ. Бұл тұрғыдан келгенде, топонимдерді зерттеу тарихи география, тарихи лингвистика және мәдениет тарихы үшін ерекше маңызға ие. Мақалада ортағасырлық араб және парсы деректерінде кездесетін Арал–Каспий өңірі, Сырдария және Әмудария бассейніндегі жер-су, елді мекен атаулары қарастырылды. Зерттеу барысында топонимдердің жазба дерек беттерінде сақталған тарихи атау нұсқаларына шолу жүргізіліп, олардың семантикалық және этимологиялық ерекшеліктеріне талдау жасалды. Сонымен қатар атаулардың қалыптасу ерекшеліктері мен өзгерулеріне әсер еткен тарихи-саяси оқиғалар және табиғи факторлар да қосымша зерделенді. Зерттеу дереккөзі ретінде ортағасырлық мұсылман географтары мен тарихшыларының еңбектері, араб-парсы тіліндегі жазба деректер және ол деректерге үңілген ғалымдардың зерттеулері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде Арал–Каспий аймағындағы көптеген географиялық атаулардың қалыптасуына көне парсы, соғды және түркі тілдерінің ықпалы болғаны анықталды. Сонымен қатар кейбір топонимдердің тарихи кезеңдерде үлкен аймақ атауы ретінде қолданылып, кейін шағын елді мекен атауына айналғаны, көне парсы атауындағы жер-су аттары кейінгі жазба дерек беттерінде XV ғ. бастап түркі атауларымен жазыла бастағаны байқалды.</jats:p>

Show More

Keywords

және тарихи мен атаулардың үшін

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect