Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Ұсынылған мақалада ортағасырдағы Шу өңірінің шаруашылық жүйесіне назар аударылады. Оның ішінде ортағасырлық Шәрі қалаcынан табылған остеологиялық материалдарды талдау арқылы сол кезеңдегі экономикалық қатынастар мен тұрмыстық ерекшеліктерді жан-жақты қарастыру көзделеді. Зерттеудің негізгі мақсаты – 2025 жылы ортағасырлық Шәрі қаласынан табылған остеологиялық материалдарға кешенді археозоологиялық талдау жүргізу және алынған нәтижелерді бұрын зерттелген Ақтөбе (Степниское) қаласы мен Маханды төрткүлі материалдарымен салыстырмалы түрде бағалау. Зерттеу барысында сүйек қалдықтарының таксономиялық құрамы, қаңқа элементтерінің таралуы, жануарлардың жас құрылымы, етті тұтыну көлемі, морфометриялық және морфологиялық ерекшеліктері талданды. Сонымен қатар алынған деректерге ретроспективті талдау жүргізіліп, ортағасырлық және этнографиялық кезеңдердегі шаруашылық жүйесінің даму сабақтастығы қарастырылды. Зерттеу нәтижелері Қарахан дәуіріне жататын ескерткіштердің археозоологиялық материалдарында бір жағынан ортақ белгілердің сақталғанын, екінші жағынан өңірлік айырмашылықтардың бар екенін көрсетті. Үй жануарларының құрамында қой-ешкі, ірі қара, жылқы, түйе, есек, ит және мысық сүйектері анықталды. Ірі қалалық орталықтарда (Шәрі, Ақтөбе) уақ мал сүйектерінің басымдығы байқалса, төрткүл типіндегі ескерткіште ірі қараның үлесі жоғары болып отыр. Остеологиялық материалдардағы уақ мал сүйектерінің сандық басымдығына қарамастан, нақты ет тұтыну құрылымында ірі қараның жетекші рөл атқарғаны айқындалды. Аңшылық негізінен ет бағытында дамыған, ал Ақтөбе қаласы материалдары балық аулау кәсібінің болғанын көрсетеді. Ретроспективті салыстырмалы талдау нәтижесінде ортағасырдан ХХ ғасырдың басына дейін уақ мал санының тұрақты сақталғаны, жылқының үлесінің салыстырмалы түрде төмен болғаны, ал ірі қараның шаруашылықтағы маңызы уақыт өте біршама төмендегені анықталды.</jats:p>