Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Түркі академиясы және Моңғолия Ғылым академиясы Археология институты бірлескен экспедициясы 2019 жылдан бері Моңғолияның Архангай аймағы Хашаат сұмыны Номгон жазығындағы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Номгон-2 ғұрыптық кешенінде 2022 жылы жүргізілген қазба жұмыстары барысында, екі қасқыр бейнеленген бітіктастың жоғарғы бөлігі қазбадан табылған еді. Бітіктаста көне түрік бітік жазулы 19-жолды мәтінінде («Құтлық қаған, Түрік... Тәңірі ұлы...») және 6 жолды соғдыша мәтінінде «Құтлұғ қаған...» деген атаулары анықталды. Бұл бітіктастың жоғары бөлігі және басқа да артефактілер аталмыш ғұрыптық кешеннің қаған құрметіне салынғандығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. 2023 жылы бітіктастың төменгі бөлігі де бірлескен экспедицияның барлау, іздестіру жұмысы барысында табылды. Бітіктастың көне түрік бітік жазулы алдыңғы бетінің төменгі бөлігі қатты зақымданған, тіптен оқылмайды. Ал артқы беті тұсында қытайша барлығы 15 жолды мәтін болған және әр жолда 24 иероглиф, барлығы шамамен 290–300 иероглиф қашалған болуы керек. Номгон-2 ғұрыптық кешені мен табылған бітіктастың таныстыру іс-шарасы 2024 жылы Ұланбатыр қаласында өткізілді. 2025 жылы қытайша мәтінді оқу бойынша зерттеулер басталды. Алдын ала оқылымда 3–8-ші жолдарының кейбір тұстары оқылды. 4-ші жолда «Түрік қасиетті....» және «Құтлық...» (қытайша айтылуы: «Гу-ду-лу») атаулары анықталды. Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институты тарапынан «Номгон-2» ғұрыптық кешені көне түрік дәуіріне қатыстылығын, әсіресе, «екінші» Түрік қағандығының негізін қалаушы Елтеріс Құтлық қағанның (682–695) құрметіне салынған болуы ықтимал деген тұжырымды қолдайды. Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының Номгон жазығындағы бірлескен археологиялық қазба жұмыстары жалғасын табады.</jats:p>

Show More

Keywords

академиясы және ғұрыптық бітіктастың бөлігі

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect