Abstract
<jats:p>Мақала Қазақстанда жасанды интеллектінің (ЖИ) әлеуметтік жіктелген түрде игерілуін талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты – қай әлеуметтік топтардың ЖИ-ді пайдалануға деген декларативті дайындықтан оны тұрақты практикалық қолдануға жиі ауысатынын және бұл ауысудың халықтың реттеушілік ұстанымдарымен қалай байланысты екенін анықтау. Жұмыстың эмпирикалық негізін Қазақстанның ересек тұрғындары арасында жүргізілген ұлттық жаппай сауалнама құрайды (N = 3000, 2025 жылғы қараша). Зерттеуде сипаттамалық статистика мен кросс-табуляциялық талдау қолданылды.ЖИ-ді мақсатты түрде пайдалану тәжірибесінің респонденттердің жасымен, білім деңгейімен, материалдық жағдайымен және елді мекен түрімен статистикалық тұрғыдан байланысты екені көрсетілді. ЖИ-ді қолдануға дайындықтан оны жүйелі пайдалануға көшу үдерісінің сызықтық емес сипатқа ие екені, сондай-ақ әлеуетті пайдаланушылар сегменті мен айқын декларативті дайындығы жоқ «прагматикалық пайдаланушылар» тобының бар екені анықталды. Сонымен қатар, ЖИ-ді пайдалану тәжірибесі мен оны реттеуге қатысты ұстанымдар арасындағы байланыс айқындалды: практикалық тәжірибесі бар респонденттер қалыпты немесе таңдамалы реттеу модельдерін жиі қолдайды. Нәтижелер цифрлық теңсіздік логикасы аясында түсіндіріліп, ұлттық контекст жағдайында ЖИ-ді игерудің әлеуметтік механизмдері туралы түсінікті нақтылай түседі.</jats:p>