Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Мақалада ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алудың қылмыстық-құқықтық тетіктері талданады. Зерттеудің мақсаты – цифрлық ортада жасалатын алаяқтықтың құқықтық табиғатын айқындау, оның алдын алуда қылмыстық заңнаманың, құқық қолдану практикасының және құқық қорғау органдарының ұйымдастырушылық қызметінің рөлін анықтау. Жұмыста формальды-заңи, салыстырмалы-құқықтық, жүйелік-құрылымдық және доктриналық талдау әдістері пайдаланылды. Авторлар алаяқтықтың дәстүрлі белгілері цифрлық кеңістікте сақталғанымен, алдау тәсілдері, жәбірленушіге ықпал ету нысандары, дәлелдемелердің электрондық сипаты және қылмыстың трансшекаралық элементі оның алдын алуды күрделендіретінін негіздейді. Сонымен бірге құқықтық саралау өлшемдерін нақтылау, цифрлық іздерді бекіту тәртібін жетілдіру, жәбірленушіні ерте қорғау, банктер мен платформалармен өзара іс-қимылды күшейту және ақпараттық-талдамалық қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар беріледі.</jats:p>