Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл зерттеудің мақсаты бiр палаталы парламенттiк жүйенi қалыптастырудың конституциялық құқықтық негiздерiн, тарихи, саяси-құқықтық алғышарттарын талдау және оның мемлекеттiк басқару мен демократияны дамытудың тиiмдiлiгiне әсерiн бағалау болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы парламентаризмнің даму эволюциясын қарастыру; Парламенттің құрылымын, өкілеттіктері мен ұйымдастыру қағидаттарын айқындайтын конституциялық-құқықтық нормаларды анықтау; саяси тұрақтылық үшін бір палаталы парламентке көшудің артықшылықтарын бағалау; бір палаталы құрылымның заңнамалық процеске ықпалын, қабылданатын заңдардың сапасын және билік тармақтарының өзара іс-қимылын айқындау зерттеу міндеттері болып табылады. Мақаланы жазу барысында зерттеудің жалпы ғылыми және арнайы-заңдық әдістері қолданылды. Сондай-ақ, авторлар бір палаталы парламенті бар мемлекеттердің шетелдік тәжірибесін зерттеп, оның Қазақстан Республикасына бейімделу мүмкіндігін бағалады. Авторлар сондай-ақ қазіргі екі палаталы құрылымның эволюциясын, 2022 жылғы конституциялық реформалардың саяси мазмұнын, сондай-ақ заңнамалық процесті оңтайландыруға бағытталған өзгерістердің маңыздылығын қарастырады. Бұдан басқа, шешім қабылдаудың тиімділігі, өңірлік өкілдік, саяси тұрақтылық және заңдылық деңгейі тұрғысынан бір палаталы үлгінің артықшылықтары мен сипаттары зерттеледі. Мақалада Қазақстан үшін посткеңестік институционалдық даму перспективасының тәжірибесіне салыстырмалы талдау жүргізіледі.</jats:p>

Show More

Keywords

палаталы және бір мен Қазақстан

Related Articles

PORE

About

Connect