Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазақстан Республикасында қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялардың құқықтық реттелуі жүйелі түрде дамып келеді, бірақ әлі де жетілдіруді қажет етеді. Зерттеу жұмысы қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерді, соның ішінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, неке-отбасы және қосалқы репродуктивті медицина саласындағы бұйрықтарын талдауға арналады. Өзектілігі жоғары мәселелер арасында адам ұрығының әлеуметтік-құқықтық мәртебесі, құрсақ ананың және генетикалық ата-аналардың міндеттері мен жауаптылығы, сондай-ақ жыныстық жасушалардың донорлығын жүргізу жағдайлары қарастырылады. Генетикалық зерттеулердің құқықтық базасының жеткіліксіздігі, адам эмбрионының құқықтық мәртебесі және ғылыми-зерттеу мақсатындағы заңдылық мәселелері, сондай-ақ шетелдік тәжірибелер мен құқық бұзушылықтар бойынша заңды жауаптылығын мысалдары қарастырылып, құрсақ аналық мәселесіндегі құқықтық реттеудің жоқтығы теріс пайдалануларға алып келуі мүмкін екендігі көрсетіледі. Салыстырмалы талдау жасау барысында қазақстандық заңнаманы халықаралық тәжірибемен сәйкестендіру қажеттілігі айқындалады. Авторлар қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды реттейтін және азаматтардың репродуктивтік құқықтарын қамтамасыз ететін жеке заңдарды қабылдаудың маңыздылығын атап өтеді. Бұл зерттеу еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіруге, азаматтардың репродуктивті құқықтарын қорғауға және дамытуға бағытталған стратегиялық қадамдардың негізін қалауға мүмкіндік беретіні сөзсіз.</jats:p>

Show More

Keywords

құқықтық мен және қосалқы репродуктивтік

Related Articles

PORE

About

Connect