Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақала екі аймақтық электр энергия жүйесінде жел турбиналарының жиілікті реттеу үрдісіне қатысуын зерттеуге және оны оңтайландыруға арналған. Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі тұрақты түрде өсіп отырған жағдайда энергия жүйесінің тұрақтылығы мен сенімділігін сақтау үшін олардың генерациясын басқару және жүйеге тиімді интеграциялау өзекті міндет болып табылады. Зерттеу барысында жел турбиналарының аэродинамикалық, механикалық және электрлік модельдерін қамтитын екі аймақтық энергожүйенің математикалық моделі әзірленді. Жүйенің жиілік тұрақтылығын арттыру мақсатында жел турбинасын басқарудың бірнеше стратегиясы ұсынылып, олардың тиімділігі сандық модельдеу арқылы бағаланды. Оңтайландыру әдістерін қолдану нәтижесінде жел турбинасын басқару параметрлерінің оңтайлы жиынтығы анықталды, бұл екі аймақ арасындағы жиіліктің ауытқуын азайтып, жиілікті реттеу сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері жел турбиналарын жиілікті қолдау қызметіне тарту екі аймақтық электр жүйесінің динамикалық тұрақтылығын едәуір жақсартатынын көрсетті. Мақалада жел турбиналарын модельдеудің жетілдірілген тәсілі мен екі аймақтық энергожүйеде олардың жиілікті реттеу функциясын тиімді орындауға мүмкіндік беретін басқару алгоритмі ұсынылған. Ұсынылған әдіс жел генерациясы жоғары жағдайда жиілікті реттеу сапасын арттыруға бағытталған және энергия жүйелерін тұрақтандыруда практикалық тұрғыдан қолдануға жарамды.</jats:p>

Show More

Keywords

жел екі жиілікті аймақтық энергия

Related Articles

PORE

About

Connect