Abstract
<jats:p>Мақалада азот оксидтерінің шығарындыларын азайту және отынды жағу тиімділігін арттыру үшін бу-газ қондырғыларында кәдеге жарату қазандығының жану камерасында үшбұрышты тұрақтандырғыштарды қолдану ерекшеліктері қарастырылады. Артық отын коэффициенті мен саңылаулар санының азот оксидтерінің концентрациясына және шығатын газдардың температурасына әсерін талдайтын эксперименттік зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Тәжірибе барысында саңылаулардың саны ұлғайған үшбұрышты призмалар температураның біркелкі таралуына ықпал ететіні және азот оксидтерінің концентрациясын төмендететіні анықталды, бұл экологиялық көрсеткіштерге оң әсер етеді. Сондай-ақ, бугаз қондырғысында азот оксидтерінің минималды деңгейіне жету үшін газ турбиналық қондырғының жану камерасында микрофакельді алдыңғы құрылғыларды қолдану керек, ал кәдеге жарату қазандығының жану камерасында үшбұрышты тұрақтандырғыштарды қолдану қажет. Зерттеу нәтижелері экологиялық өнімділікті жақсарту және жану толықтығын арттыру үшін үшбұрышты тұрақтандырғыштарды қолдана отырып, ұсынылған схеманың жоғары тиімділігін растайды.</jats:p>