Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Қазіргі еңбек нарығы кәсіби қызмет мазмұнының жоғары динамикасына байланысты тұрақты өзгерістермен сипатталады. Мамандықтардың өзгеру ерекшеліктері жұмыс берушілердің өзекті сұрауларына, үміткерлердің немесе қызметкерлердің кәсіби сапасына қойылатын талаптарына тікелей байланысты. Соңғы жылдары жұмыс берушілер икемді дағдылар мен әмбебап құзыреттер жиынтығы бар қызметкерлерде көбірек қызығушылық танытуда. Осыған байланысты кадрларды даярлау жүйелері, қазіргі заманғы талаптарға назар аудара отырып, құрылымын қайта құруы тиіс. Осы тұрғыда қазіргі еңбек нарығының нақты сұраныстарына бейімделуді қажет ететін, ол педагогикалық кадрларды даярлаудағы ерте кәсіптік бағдар беру жұйесі және мектептерде педагогикалық сыныптарды ұйымдастыру. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының алдында тұрған өзекті міндеттердің бірі – белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымға ие, мотивацияланған, интеллектуалды және рухани дамыған жастарды анықтау мен педагогикалық мамандыққа тартудың тиімді жүйесін ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Бұл бағытты іске асырудың пәрменді тетігі жалпы орта білім беру кезеңінде білім алушылармен бейіндік жұмыс болып табылады. Мектептегі бейіндік оқытудың әлемдік практикасы оны ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдерін ұсынады: пәндік, көп деңгейлі, еңбек саласы бойынша, олар профильдеудің әртүрлі түрлеріне сәйкес келеді. Ең көп тарағандары: әлеуметтік-еңбек қызметі салалары бойынша пәндік бейіндеу және бейіндеу. Педагогикалық бағыттағы бейіндік сыныптарда білім беру процесін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар жалпы орта білім беру мекемелерінде педагогикалық бейіндеуді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу мақсатында практикалық-бағдарланған және құзыреттілік тәсілдерді интеграциялау негізінде әзірленеді.</jats:p>