Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Кіріспе. ХХ ғ. 20-30 жылдарында ойшыл Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының (1858-1931) ғұмыры кеңестік кезең мен тоталитарлық жүйенің орнығуымен тұспа-тұс келді. Сол кезеңдегі қажының өмірі бүгінгі таңда кең көлемде қамтылмаған өзекті зерттеу тақырыптарының бірі. Ойшылдың өмірін тұлғатану, естеліктер мен архивтік құжаттарда кездесетін материалдар негізінде зерделеудің маңызы да, қажеттілігі де зор. Зерттеудің мақсаты және міндеттері – Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының кеңестік қудалау кезеңіндегі өмірін естеліктер мен деректер, архивтік құжаттар негізінде қарастыру. Зерттеудің негізгі мақсаты – ойшылдың ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы өмір жолын сол кезеңдегі қоғамдық-саяси өзгерістер аясында талдау. Шәкәрім қажының «Саятқорадағы» өмірінің рухани және мәдени, әсіресе тарихи мәніне арналған іргелі еңбектердің аздығына байланысты осы тақырыпты мүмкіндігінше ашу. Бұл тұрғыдан Шәкәрімнің кеңестік билік орныққан тұста елден оқшаулануы ішкі еркіндігін, ар-ұжданын, шығармашылық дербестігін сақтауға бағытталған саналы таңдауы ретінде бағалау. Нәтижелер. Зерттеу барысында Ахат Шәкәрімұлының естеліктері, Шәкәрім қажының ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы шығармалары, сондай-ақ кейінгі ғылыми еңбектер мен архивтік құжаттар негізге алынды. Мақалада ойшылдың «Саятқорадағы» тұрмысы, кітап оқып, жазу жазуға ден қоюы, ұждан, адалдық, еркіндік, жалғыздық туралы танымының тереңдеуі кеңестік қысым жағдайымен сабақтастықта талданды. Оның 1918-1920-жылдардағы қоғамдық өмірге араласу әрекеті, саяси-әлеуметтік қайшылықтарға тап болуы сияқты күрделі үрдістер «Саятқора» мекенінде қалып, терең ой-толғауларын жалғастыруға түрткі болғаны қарастырылды. Қажының ішінара қоғамдық істер мен баспа ісіне араласып, мақалалар жариялауы, бір жағынан оның елге деген адалдығы мен махаббатының, екінші жағынан, ішкі толғаныстарының көрсеткішінде болғаны естеліктер негізінде талданды. Сонымен бірге Шәкәрімнің жаңа биліктің зорлықшыл саясатын қабылдамағаны, оның рухани қарсылығы ашық саяси әрекеттен гөрі адамгершілікке бағытталған ұстаным, ішкі тәуелсіздік және шығармашылық арқылы сипат алғаны көрсетілді. Зерттеу нәтижесінде «Саятқора» Шәкәрім өміріндегі тарихи қысым тұсында тұлғалық тұтастықты сақтаудың ерекше кеңістігі болғаны пайымдалды.</jats:p>

Show More

Keywords

мен Шәкәрім кеңестік ХХ 2030

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect