Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>КСРО-ның Қазақстандағы саясаты, соның ішінде қазақ ауылдарын ұжымдастыру мәселесі – отандық тарих ғылымының өзекті мәселелердің бірі. Өйткені бұл саясаттың нәтижесі Қазақстан тұрғындарының этникалық құрамы мен қазақ халқының кейінгі ондаған жылдардағы этнодемографиялық жағдайына елеулі әсер етті. Бұл ретте советтік саясатқа байланысты маңызды мәселе – ұжымдастыру кезіндегі қазақтың советтік басқарушы элитасының ұстанымдары мен іс-әрекеттері. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Мақаланың мақсаты – ХХ ғ. 20-жылдарының соңы – 30-жылдарының басында Қазақстанда ұжымдастыру саясаты жүзеге асырылу кезіндегі қазақтың советтік басқарушы элитасының осы саясаттың зардаптарын жұмсартуға бағытталған іс-шараларын зерттеу. Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек, яғни осы тарихшылардың еңбектеріндегі осы мәселенің зерттеу дәрежесін анықтау; қазақтың советтік билік өкілдерінің есептері мен баяндамаларын талдау; советтік билік органдарының ұжымдастыру мәселесіне байланысты нормативтік құқықтық актілерінің мазмұнын зерттеу. Нәтижелер. Бұл мәселені зерттеу барысында автор ұжымдастыру кезінде қазақтың советтік басқарушы элитасының кейбір өкілдері өздерінің қызметтік өкілеттіктері шегінде қазақтардың жағдайын жеңілдетуге бағытталған тиісті шаралар қабылдады деген байламға келді. Қорытындылар. Қазақтың советтік элитасының өкілдері өздерінің есептері мен баядамаларында қолжетімді заңдық құралдарды қолдана отырып, халықты қорғауға тырысты. Түйін сөздер: жаппай ұжымдастыру, Ашаршылық, советтік партиялық элита, босып кеткендер, кәмпескелеу, «бай-жартылай феодалдар», көтерілістер Алғыс. Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстандағы 1931–1933 жылдардағы жаппай ашаршылықтың куәгерлері мен олардың ұрпақтарының естеліктерін дайындау және шығару» тақырыбындағы гранттық қаржыландыру жобасын жүзеге асыру аясында орындалды (жеке тіркеу нөмірі: АР 19678056)</jats:p>