Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Кіріспе. Бұл мақалада Қостанай қаласындағы облыстық мұрағат қорында сақталған құжаттардың негізінде ХХ ғасырдың 20-жылдарының басынан 30-жылдарының ортасына дейін Кеңес үкіметінің дін қызметкерлеріне байланысты қолданылған саяси-әлеуметтік әдістерінің бірі - сайлау құқығынан айырылғандар категориясының саны Қостанай губерниясына қарасты Қостанай және Денисов уездері бойынша көрсетілген. Мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты – 1920–1930-жылдары Кеңес өкіметінің дінге және діни бірлестіктерге қатысты саясатын Қостанай облысы мысалында мұрағат деректері негізінде талдау, сол кезеңдегі діни ұйымдардың жағдайы мен қызметін, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың олардың өміріне әсерін айқындау. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады: 1920–1930-жылдардағы Кеңес өкіметінің жалпы діни саясатындағы негізгі бағыттар мен идеологиялық ұстанымдарды сипаттау; Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаттарындағы діни бірлестіктерге қатысты құжаттарды жинақтап, талдау; аймақтағы мешіттер, шіркеулер, діни мектептер мен қауымдастықтардың қызмет ерекшеліктерін анықтау. Материалдар мен тәсілдер. Зерттеу жұмысы тарихи жүйелілік, салыстырмалы талдау, құрылымдық-функционалдық әдістерге негізделеді. Мұрағаттық деректерді қолдану арқылы тарихи фактіні талдаудың деректанулық және тарихи-салыстырмалы әдістері кеңінен пайдаланылды. Зерттеу барысында кеңестік кезеңдегі нормативтік-құқықтық актілер, мұрағаттық құжаттар мен ғылыми әдебиеттер қолданылды. Жұмыста нақты оқиғаларды уақыт пен кеңістік аясында қарастыру принципі сақталды. Нәтижелер. Зерттей келе, 1920–1930-жылдары Кеңес өкіметі жүргізген діни саясаттың ең негізгі бағыты - қоғамды атеистік негізде қайта құру және діннің әлеуметтік ықпалын түбірімен жою болды. Бұл саясат бүкіл Кеңес Одағы аумағында жүзеге асырылғанымен, оның аймақтық ерекшеліктері әр өңірде әрқалай көрініс тапты. Қостанай облысы мысалында бұл үрдіс дін қызметкерлерін сайлау құқығынан айыру, діни бірлестіктер мен діни орындарын жабу, сондай-ақ діни кадрларды қудалау арқылы айқын байқалды. Мұрағаттық құжаттар негізінде, 1921–1925 жылдар аралығында Қостанай, Денисов және Боровской уездерінде діни қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне қарсы қолданылған құқықтық шектеулер жүйелі сипат алған. Талдау нәтижесі көрсеткендей, Кеңес өкіметінің Қостанай өңіріндегі діни саясатында әкімшілік және құқықтық қысым тетіктері жүйелі түрде қолданылды. Қорытынды. 1920–1930-жылдары Кеңес өкіметінің діни бірлестіктерге және дін қызметкерлеріне қатысты ұстанған саясаты Қостанай облысы аумағында кең көлемде жүзеге асырылды. Бұл саясаттың басты мақсаты – дінді қоғамдық институт ретінде әлсірету, діни тұлғаларды әлеуметтік және саяси өмірден аластату болды. Қостанай облысының мысалында анықталған деректер Кеңес дәуіріндегі діни саясаттың репрессивтік сипатын айқын дәлелдейді.</jats:p>