Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Кіріспе. Бұл мақалада Өзбекстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі Қарақалпақстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығының (ҚҰМО) қалыптасу тарихы мен қызметі тарихи-мәдени тұрғыдан талданады. Мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – аймақтағы ірі этникалық топтардың бірі болып табылатын қазақ диаспорасының рухани-мәдени бірегейлігін сақтау мен дамытудағы орталықтың рөлін айқындау. Осыған орай, ұйымның құқықтық негіздері, институционалдық даму кезеңдері, аудандық бөлімшелердің ашылуы және ұлтаралық татулықты нығайтудағы стратегиялық маңызы міндет ретінде қойылды. Материалдар мен әдістер ретінде Қарақалпақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің қорлары, Өзбекстан Ұлттық архивінің құжаттары, статистикалық мәліметтер мен мерзімді басылымдар («Достық үні», «Еркин Қарақалпақстан») пайдаланылып, тарихилық пен жүйелілік әдістері қолданылды. Нәтижелер. Зерттеудің негізгі нәтижелері ҚҰМО-ның 1990 жылы құрылуынан бастап, қазақ тіліндегі «Достық үні» газетінің негізделуі, «Бесқала» халық театрының жетістіктері, ақындар айтысы мен ұлттық мерекелердің («Көрісу») қайта жаңғыру үдерістерін қамтиды. Сондай-ақ, аймақтағы 148 мектепте қазақ тілінде білім беру ісі мен зиялы қауым өкілдерінің өлке дамуына қосқан үлесі сараланды. Қорытынды. Қорытындылай келе, ҚҰМО Қарақалпақстанның мәдени-әлеуметтік кеңістігінде бауырлас халықтар арасындағы алтын көпірге айналып, этникалық топтардың тілі мен дәстүрін сақтаудың маңызды институционалдық тетігі ретінде мемлекеттік саясатты іске асыруда шешуші рөл атқаратыны дәлелденді.  </jats:p>

Show More

Keywords

мен қазақ ретінде Өзбекстан ұлттық

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect