Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Кіріспе. Мақалада Отырар алқабындағы ортағасырлық урбанистік орталықтардың бірі Құйрықтөбе (Кедер) қаласының рабад бөлігінде орналасқан қорымда жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелері қарастырылады. Ескерткіш ІХ–ХІІ ғғ. Фараб аймағындағы саяси-әкімшілік және діни үдерістермен тығыз байланысты. Қорым материалдары өңірдегі исламдану үдерісінің археологиялық көріністерін, жерлеу ғұрпының қалыптасуы мен эволюциясын айқындауда маңызды дереккөз болып табылады. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері - Құйрықтөбе қаласының рабад бөлігінде орналасқан қорымның қалыптасу динамикасын, жерлеу кешендерінің құрылымдық және ритуалдық ерекшеліктерін археологиялық деректер негізінде талдау. Мәдени қабаттың стратиграфиясын анықтау, жерлеу орындарының жоспарлық ұйымдасуын айқындау, жерлеу дәстүрінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау, алынған материалдарды Отырар алқабындағы ерте ортағасырлық жерлеу орындармен салыстыру. Нәтижелер. 2025 жылғы археологиялық қазба жұмыстары барысында рабад аумағынан 100 м² көлемінде қазба жүргізіліп, 11 жерлеу орны анықталды. Археологиялық деректер бұл кеңістіктің бастапқыда тұрғындық-шаруашылық қызмет атқарып, кейін қорымға айналғанын көрсетті. Жерленімдердің басым бөлігі солтүстік батыс – оңтүстік шығыс бағытында, бастары құбылаға қаратылып орналастырылған. Қаңқалардың шалқасынан және оң қырымен жатқызылуы, қол сүйектерінің орналасуына қарай бірнеше типтің анықталуы мұсылмандық жерлеу дәстүрінің қалыптасқан үлгілерін көрсетеді. Алынған материалдар бұрынғы зерттеулермен сабақтастыра қарастырылып, ІХ-ХІІ ғғ. хронологиялық шеңберінде интерпретацияланды. Қорытынды. Зерттеу нәтижелері Құйрықтөбе қаласының рабад бөлігінің тұрғындық кеңістіктен жүйелі ұйымдастырылған мұсылмандық некропольге айналуын нақты археологиялық деректермен дәлелденді. Жерлеу ғұрпының құрылымдық және ритуалдық ерекшеліктері исламдық нормалардың орнығуымен қатар, өтпелі кезең элементтерінің сақталғанын айғақтайды. Осылайша, Құйрықтөбе қорымы Отырар алқабындағы исламдану үдерісінің археологиялық динамикасын және ортағасырлық сакралды кеңістіктің қалыптасуын сипаттайтын маңызды ғылыми кешен ретінде бағаланады.</jats:p>