Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Кіріспе. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қалалардың дамуында жаңа үрдістер қалыптаса бастады, бұл әсіресе әлеуметтік және демографиялық көрсеткіштерден айқын байқалады. Соңғы онжылдықта урбанизация үдерісінің жеделдеуі ірі қалалардың құрылымы мен қызметіне тікелей ықпал етті. Осы тұрғыдан алғанда, Шымкент қаласы посткеңестік кезеңдегі қалалық дамудың айқын көрінісі болып табылатын урбанистік орталықтардың бірі ретінде бағаланады. Мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты - 1991-2023 жылдар аралығында Шымкент қаласы тұрғындарының күнделікті өмірінде орын алған өзгерістерді талдап, оларға әсер еткен әлеуметтік, демографиялық және урбанистік факторларды анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қалалық дамудың негізгі бағыттарын көрсету, көші-қон мен халық санының динамикасына қатысты ерекшеліктерді сипаттау, сондай-ақ тұрғындардың күнделікті тәжірибесіндегі өзгерістерді анықтау міндеттері белгіленді. Материалдар мен әдістер. Зерттеу деректері Түркістан облыстық мемлекеттік архивінің (ТОМА) құжаттары, ресми статистикалық мәліметтер және ғылыми жарияланымдар негізінде жиналды. Жұмыс барысында тарихи-салыстырмалы талдау, статистикалық өңдеу, контент-талдау және пәнаралық әдістер қолданылды. Нәтижелер. Зерттеу нәтижелері қаланың дамуына бірқатар факторлардың ықпал еткенін көрсетеді. 1990 жылдары тұрғындардың бейімделу тәжірибелері мен бейресми экономикалық қызмет түрлері кеңінен таралған болса, кейінгі кезеңде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы мен қалалық өмір салтының біртіндеп тұрақтануы байқалады. Халық санының өсуі табиғи өсім және көші-қон факторларының ықпалы нәтижесінде қалыптасты. Қорытынды. Шымкент қаласының посткеңестік кезеңдегі дамуын тұрғындардың күнделікті өміріндегі өзгерістер арқылы талдау, бейімделу мен трансформация үдерістерінің өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс қалалық дамуды микро деңгейде зерттеудің қажеттілігін көрсетеді.</jats:p>