Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Кіріспе. Бұл зерттеу жұмысы XIІ–XV ғасырлар аралығындағы Оңтүстік Қазақстан аумағындағы урбанизация үдерісінің дамуын, оның әлеуметтік-экономикалық және тарихи маңызын жан-жақты талдауға арналған. Ортағасырлық кезеңде аймақ Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды транзиттік кеңістік ретінде қалалық мәдениеттің қалыптасуы мен өркендеуінде айрықша рөл атқарды. Алайда моңғол шапқыншылықтары, билік үшін болған ішкі қақтығыстар, тұрақсыз саяси жағдай, сондай-ақ Әмір Темір жорықтарының салдары қалалар жүйесінің әлсіреуіне және отырықшы-егіншілік мәдениеттің күйреуіне алып келді. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы урбанизацияның негізгі кезеңдерін анықтау, оның құлдырау себептерін тарихи дереккөздер мен археологиялық материалдар негізінде талдау және аймақтың кейінгі дамуына тигізген ықпалын бағалау болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес қалалардың жоспарлық құрылымы, сәулеттік кешендер, тұрғын үйлер, діни ғимараттар, монеталық айналым және шаруашылық инфрақұрылымның өзгерістері қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде XIII–XIV ғасырларда ірі қалалар сырттай өміршең көрінгенімен, оларды қамтамасыз еткен егіншілік аймақтардың жойылуы урбанистік жүйенің іргесін әлсіреткені анықталды. Қалалық мәдениеттің құлдырауы нәтижесінде Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағында көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық басым сипат алды. Қорытындылай келе, зерттеу Оңтүстік Қазақстандағы урбанизация үдерісінің тоқырауы тек саяси оқиғалардың салдары ғана емес, сонымен қатар экономикалық, демографиялық және мәдени факторлардың өзара байланысынан туындаған күрделі тарихи құбылыс екенін көрсетеді. Бұл кезеңді зерделеу өңірдің тарихи даму логикасын түсінуге және ортағасырлық қала мәдениетінің маңызын бағалауға мүмкіндік береді. Кілт сөздер: Оңтүстік Қазақстан, урбанизация, ортағасырлық қалалар, моңғол шапқыншылығы, отырықшы мәдениет.</jats:p>

Show More

Keywords

және Оңтүстік Қазақстан тарихи мен

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect