Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада мектеп жағдайында дене шынықтыру сабақтары барысында 7-9 жастағы оқушы-лардың спорттық қабілеттерін (қозғалыс сапалары мен жарыс сипатындағы қозғалыс реак-циясын) кешенді диагностикалауға арналған әдістеме ұсынылады. Зерттеу жұмысы 2024-2025 оқу жылында Ақтау қаласындағы екі жалпы білім беретін ұйым базаларында жүргізіліп, оған 1-3 сыныптарда білім алатын 272 ұл бала қатысты. Әдістемеекі кезеңді қамтыды: I кезең жалпы дене дайындығын бағалауға арналған стандартталған тесттер кешені (30м жүгіру, 3х10 м қайтармалы жүгіру, 6 минуттық жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру, отырып алға еңкею, кермеде тартылу) және II кезең ұлттық ойындар негізіндегі қолданбалы қозғалыс тапсырмалары («Ботаны тартып алу», «Қарсыласқа жанасу»), олар қозғалыс қарсыласу жағдайында реакция жылдамдығын, үйлесілімділікті және күштік мүмкіндіктерді бағалауға бағытталған. Алынған деректер жас және сыныптық топтар бойынша жүйеленіп, 1-сыныптан 3-сыныпқа дейін негізгі дене сапаларының оң динамикасы айқындалды, сондай-ақ ойындық сыныптардың іріктеуші диагностикалық әлеуеті (финалға өткен қатысушылар үлесінің төмендеуі) көрсетілді. Ұсыныл-ғанәдістеме өлшеу рәсімдерін стандарттауға, оқу уақытының шығынын оңтайландыруға және алынған нәтижелерді оқу жүктемесін педагогикалық тұрғыдан жоспарлау мен оқушылардың бастапқы спорттық бағдарын айқындауда қолдануға бағытталған.</jats:p>

Show More

Keywords

қозғалыс және дене оқу жүгіру

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect