Abstract
<jats:p>МақаладаАлматы қаласының үлгісінде қала мектептерінде дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жетілдіру жолдары анықталып, тұжырымдалған. Авторлар мектепте қолдануға қажетті, дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жетілдіретін екі модельді ұсынады. Біріншісі оқушылардың бір апталық қимыл қорын кӛбейту модельі, екіншісі мектептегі денетәрбиесі және спорт жұмыстарын жетілдіретін негізгі бағыттар мен жұмыс түрлерінің модельі. Қазіргі таңда қимыл белсенділігі тапшы (гиподинамия), ақпараттық технология қарқынды дамыған уақытта оқушылардың тәуліктік қимыл белсенділігі жеткілікті болуы керек. Дүниежүзі ғалымдарының ғылыми-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, оқушылардың қимыл белсенділігі аптасына 14-21 сағат, күніне 2-3 сағат болуы керектігіне баса назар аударылады. Авторлар арнайы құрылған жұмыс тобымен Алматы қаласындағы No 116 мектептегіоқу үдерісіне осы модельдегі жұмыстарды енгізіп, эксперименттік тәжірибе жүзінде дұрыстығын дәлелдеген. Бұл ғылыми тәжірибелік жұмыстың нәтижелерін республиканың басқа ӛңірлер-лердегі мектептердің оқу үдерісіне енгізу ұсынылады.</jats:p>