Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада мектеп географиясын оқытуда тарихи интерактивті карталарды қолданудың әдістемелік және теориялық негіздері қарастырылған. Оқу процесін цифрландыру жағдайында тарихи-кеңістіктік ақпаратты визуализациялау және оны оқу процесінде тиімді пайдалану қазіргі білім беру жүйесінде маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі. Бұл зерттеудің мақсаты – тарихи-кеңістіктік деректерді цифрлық карталар түрінде көрсету, тарихи-географиялық процестерді талдау дағдыларын дамыту, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау және деректерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру, оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалар жүйесін құру. Зерттеу барысында тарихи интерактивті карталардың дидактикалық мүмкіндіктері, оларды географиялық тақырыптардың мазмұнымен және оларды оқу процесінде қолдану ерекшеліктерімен үйлестіру әдісі жан-жақты әрі жүйелі түрде талданатын болады. Сондай-ақ, мақала барысында жүргізілген зерттеуде интерактивті карталарға негізделген үй тапсырмалары оқушылардың картографиялық сауаттылығын дамытуға, салыстырмалы талдауға, уақыт пен кеңістіктегі өзгерістерді анықтауға, кеңістіктік қорытынды жасауға тиімді ықпал ететіні анықталады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тарихи интерактивті карталарды жүйелі түрде қолдану мектеп географиясын оқытудың ғылыми-зерттеулік және проблемалық оқытудың әдістерін нығайтуға, білім алушылардың тақырыпқа танымдық қызығушылығын арттыруға, сонымен қатар оқу процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.</jats:p>

Show More

Keywords

және интерактивті тарихи оқу мектеп

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect