Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада нашар көретін 7–8 жастағы балалардың мәтінді естіп қабылдау ерекшеліктері және оны дамытуға бағытталған педагогикалық тәсілдердің тиімділігі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі көру қабілеті бұзылған бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу материалын қабылдау, түсіну және есте сақтау дағдыларын жетілдіру қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – нашар көретін балалардың мәтінді естіп қабылдау ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан негіздеу, олардың тыңдалым деңгейін анықтау және оны дамытуға бағытталған педагогикалық әдістердің тиімділігін эксперименттік жолмен тексеру. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді талдау, педагогикалық бақылау, құрылымдалған әңгімелесу, диагностикалық тапсырмалар және педагогикалық эксперимент әдістері қолданылды. Диагностикалық бағалау Е.П. Кузьмичеваның сөйлеу арқылы есту қабілетін зерттеу әдістемесі негізінде бейімделген тапсырмалар арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижелері нашар көретін балалардың мәтінді қабылдау, негізгі ойды анықтау, ақпаратты есте сақтау және мазмұндау барысында қиындықтарға кездесетінін көрсетті. Сонымен қатар мәтінді кезең-кезеңімен тыңдату, сөздік жұмысын ұйымдастыру, сұрақ-жауап әдістері мен мнемотехникалық тәсілдерді қолдану олардың тыңдалым дағдыларын дамытуда тиімді екені анықталды.</jats:p>

Show More

Keywords

және балалардың мәтінді қабылдау педагогикалық

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect