Abstract
<jats:p>Бұл зерттеу жеңіл зияты зақымданған 2-сынып оқушыларының сөз таптары туралы білімдерін инновациялық технологиялар арқылы дамытуға арналған. Жұмыста осы санаттағы оқушылардың грамматикалық материалды меңгеру ерекшеліктері мен оқу барысында кездесетін қиындықтар қарастырылады. Заманауи білім беру технологияларын, соның ішінде мультимедиялық құралдар, интерактивті тапсырмалар және цифрлық ресурстарды қолдануға ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижелері инновациялық технологияларды қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, оқу материалын жақсы меңгеруге және сөз таптары туралы тұрақты білім қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетеді.</jats:p>
Show More
Keywords
сөз
таптары
туралы
инновациялық
оқушылардың
PORE