Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Бұл мақалада Қазақ хандығының XVIII ғасырдағы жергілікті саяси-әкімшілік басқару жүйесінің ерекшеліктері, құрылымы және лауазымдары талданды. Зерттеудің өзектілігі отарлық кезеңге дейінгі қазақ қоғамының басқару жүйесіндегі жергілікті басқару және жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерін түсіну қажеттілігімен негізделеді. Қарастырылып отырған кезеңге қатысты жазба деректердің, әсіресе биліктің төменгі сатысына қатысты мәліметтердің тапшылығына байланысты, жұмыста этнографиялық деректерді экстраполя-циялау және салыстырмалы-тарихи талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде қазақ қоғамының билік жүйесі географиялық принципке емес, қатаң қауымдық-туыстық иерархияға (отбасынан хандыққа дейін) негізделгені анықталды. Жергілікті деңгейдегі билік институтында меритократиялық принциптердің басымдығы, атап айтқанда, билер мен батырлардың жеке қабілеті мен беделі арқылы сайлануы сипатталады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақ қоғамындағы билік вертикальды емес, горизонтальды байланыстарға көбірек сүйенді. Бұл жүйеніңөз артықшы-лықтары мен кемшіліктері болды. Авторлар бұл жүйенің көшпелі өмір салты үшін тиімді болғанын, алайда орталықтанған бюрократиялық аппарат пен тұрақты әскердің болмауы XVIII ғасырдың соңында мемлекеттің сыртқы экспансияға қарсы тұру қабілетін әлсіреткенін тұжырымдайды. Бұл тарихи тәжірибе Қазақстанның мемлекеттілік эволюциясын хронологиялық тұрғыдан жүйелеуге мүмкіндік береді.</jats:p>