Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңінде қалыптасқан көші-қон үдерістері тарихи, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық тұрғыдан кешенді талданады. Зерттеудің мақсаты – Түркістан өңіріндегі көші-қон үдерістерінің негізгі бағыттары мен факторларын анықтап, олардың өңірдің демографиялық құрылымы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын айқындау. Зерттеудің әдіснамалық негізін тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы және жүйелік талдау әдістері, сондай-ақ статистикалық және әлеуметтік-демографиялық талдау тәсілдері құрайды. Деректік база ретінде Қазақстан Республикасының көші-қон саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілері, Түркістан облысының мемлекеттік архивінің құжаттары, Қазақстан Республикасы Президенті архивінің материалдары, сондай-ақ ресми статистикалық деректер мен ғылыми зерттеулер пайдаланылды. Мақалада тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі Қазақстандағы мемлекеттік көші-қон саясатының қалыптасуы, этникалық репатриация мен еңбек миграциясын реттеу тетіктері қарастырылады. Сонымен қатар Түркістан өңіріндегі көші-қон ағындарының бағыттары, мигранттардың жас құрылымы мен әлеуметтік ерекшеліктері талданып, олардың еңбек ресурстарының қалыптасуына және өңірдің демографиялық дамуына ықпалы көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері көші-қон үдерістерінің өңірдің демографиялық құрылымына, еңбек нарығына және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына елеулі әсер ететінін көрсетеді. Сонымен қатар жүргізілген талдау көші-қон динамикасының негізгі факторларын анықтауға және оның әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалауға мүмкіндік береді.</jats:p>

Show More

Keywords

көшіқон және мен Қазақстан әлеуметтікэкономикалық

Related Articles

PORE

About

Connect