Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>«Зубдат әл-фикра» еңбегі Елхан мемлекетімен Мәмлүк Египетінің өзара қатынастарын, Беркемен Хулагу хан арасындағы соғыстарды және ислам әлемінің саяси құрылымындағы өзгерістерді зерттеуде аса құнды тарихи дерек көз болып табылады. Зерттеу жұмысының мақсаты – 1260 жылдардағы Хулагу Елханның өмірі мен билік қызметіне қатысты мәліметтерді кешенді түрде талдап, оларды тарихи және деректанулық маңызын айқындау. Мақалада Хулагу ханның Бағдатты алудан кейінгі саяси әрекеттері, Аббас халифатының қайта қалпына келтірілуі, әл-Хаким Биамриллаһтың билікке келуі және Берке ханның исламдық қабылдауы сияқты деректердің мазмұнымен баяндау ерекшеліктері араб дерек көздері негізінде салыстырмалы түрде қарастырылады. Зерттеу барысында «Зубдат әл-фикра» еңбегіндегі ғылыми айналымға бұрын толық енгізілмеген үзінділер алғаш рет аударылып, мәтіндік және деректанулық тұрғыда талданды. Бұл мәліметтер Хулагу дәуірінің хронологиялық желісін нақтылауға, оның Мәмлүк Египетімен, Жошы ұлысымен және ислам әлемімен саяси-идеологиялық байланыстарын жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. Зерттеудің әдістемелік негізін деректің сыртқы және ішкі сын тәсілдері, мәтіндік салыстыру және тарихи реконструкция әдістері құрайды. Алынған нәтижелер XIII ғасырдың екінші жартысындағы Елхан мемлекетінің саяси тарихын жаңақырынан бағалауға және Хулагу тұлғасының исламдық өркениеттегі тарихи орнын айқындауға мүмкіндік береді.</jats:p>

Show More

Keywords

және Хулагу тарихи саяси Зубдат

Related Articles

PORE

About

Connect