Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Бұл мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің академиялық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері мен эмпирикалық зерттеу нәтижелері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде кәсіби құзыретті, зерттеушілік қабілеті жоғары, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуеті дамыған мұғалімдерді даярлау қажеттілігімен анықталады. Академиялық дарындылық болашақ педагогтің ғылыми-танымдық белсенділігімен, кәсіби білімді терең меңгеруімен, шығармашылық ойлауымен және педагогикалық мәселелерді шешудегі дербестігімен сипатталатын кешенді қасиет ретінде қарастырылған.Зерттеу барысында теориялық және эмпирикалық әдістер қолданылды. Эмпирикалық бөлімде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 135 студенті қамтылып, эксперименттік және бақылау топтары бойынша салыстырмалы талдау жүргізілді. Академиялық дарындылықтың когнитивті-әдістемелік, креативтілік, тұлғалық-мотивациялық және кәсіби білім компоненттері негізінде диагностикалық жұмыстар ұйымдастырылды. Зерттеу нәтижелері Манн–Уитни критерийі арқылы статистикалық өңделіп, эксперименттік топтағы оң өзгерістердің мәнділігі дәлелденді.Зерттеу нәтижелері арнайы әзірленген білім беру бағдарламаларыныңболашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің академиялық дарындылығын дамытуға тиімді ықпал ететінін көрсетті. Эксперименттік топта кәсіби білім, мотива-ция, шығармашылық қабілет және педагогикалық рефлексия көрсеткіштері айтарлықтай жоғарылаған. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесінде «академиялық дарындылық» ұғымына авторлық анықтама беріліп, оны дамытуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар дайындалды. Мақала педагогикалық жоғары оқу орындарында дарынды студенттерді анықтау, қолдау және кәсіби тұрғыдан дамыту жүйесін жетілдіруге бағытталған ғылыми-әдістемелік негіздерді ұсынады.</jats:p>