Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамыту мәселесі қарастырылған. Ол үшін зерттеу мәселесінің өзектілігі нормативтік құжаттарға сүйене отырып айқындалып, зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми-педагогикалық, психологиялық еңбектерге шолужасалып, әлеуметтік дағдыны дамыту мәселесінің қарастырылу жайы талданған. Соның негізінде «әлеуметтік дағды» ұғымына контент талдау ұсынылған. Жалпы әлеуметтік дағдыны құраушы дағдылар тобының әрқайсысына қысқаша мәлімет ұсынылып, бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамытудың маңыздылығы нақтыланған. Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамытудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері, қалыптасу деңгейлері белгіленген. Эксперименттік жұмыс кезеңдері жүйелілікпен баяндалған. Анықтаушы эксперименттік кезеңде бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларының қалыптасу деңгейлері диагностикалық әдістемелер арқылы анықталып, оның жақсартуды қажет ететіндей деңгейде болуына орай қалыптастырушы эксперименттік кезең жоспары құрылған және оның жүру барысы түсіндірілген. Зерттеу тақырыбы бойынша ұсыныстар әзірленген. Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамыту мәселесі практикалық мәнділікке ие болуы себепті құнды зерттеу тақырыбы деп білеміз.</jats:p>

Show More

Keywords

әлеуметтік сынып оқушыларының дағдыларын бастауыш

Related Articles

PORE

About

Connect