Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазіргі білім беру кеңістігінде болашақ бастауыш білім педагогтерінің көптілділік құзыреттілігін арттыру стратегиялық маңызға ие өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының қарқынды дамуы шет тілін меңгеру үдерісін дербестендіруге, оқу мазмұнын бейімдеуге және студенттердің оқу мотивациясын арттыруға кең мүмкіндіктер ұсынуда. Алайда жоғары оқу орындарында ЖИ құралдарын ағылшын тілін оқытуда қолданудың эмпирикалық тиімділігі әлі де жан-жақты зерттеуді талап етеді. Зерттеудің мақсаты —бастауыш білім беру мамандығы студенттеріне ағылшын тілін оқыту барысында ЖИ құралдарын қолданудың тиімділігін дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстыра отырып, эксперименттік зерттеу арқылы дәлелдеу. Эксперименттік топта ЖИ технологияларын жүйелі қолдану студенттердің кәсіби педагогикалық терминологияны меңгеру деңгейін, академиялық жазу дағдыларын және тілдік кедергілерді жою жылдамдығын айтарлықтай арттыратыны анықталды. Зерттеу нәтижелері болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау үдерісінде ЖИ технологияларын көптілді білім беру бағдарламаларына тиімді интеграциялау бойынша ғылыми-әдістемелік және практикалық ұсыныстар әзірлеуге негіз болады.</jats:p>

Show More

Keywords

ЖИ білім беру бастауыш тілін

Related Articles

PORE

About

Connect