Abstract
<jats:p>Бұл мақалада құрылыс материалдарын өндіруде металлургиялық қалдықтарды, атап айтқанда болаттың, домналықжәне мыс қождарынпайдалануға арналған ағымдағы ғылыми жарияланым-дарға аналитикалық шолу берілген. Осы қалдықтардың физикалық-химиялық қасиеттерін және олардың цементті композиттердің құрылымы мен өнәмдәләк сипаттамаларына әсерін зерттейді. Қожды қайта өңдеудіңэкологиялық және технологиялық аспектілеріне назар аударылады. Қождарды бетон құрамына қосқандағы механикалық қасиеттері, беріктігі , суғатөзімділігі және белсенділігі бойынша зерттеулердің салыстырмалы талдауы жүргізіледі. Соның нәтижесінде кейінгі зерттеудің негізгі тенденциясы мен бағыттары анықталды, аязға төзімділік-бетонның қату және еріту кезіндегі мыс қожымен әрекеті, қождыенгізу кезінде аса ауыр бетонның радиациялық сәуле өткізбейтіндігі және оның иондаушы сәулелерден қорғану қабілеті бойынша зерттеулерді жүргізуді қажет етеді.</jats:p>