Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазіргібілім беру жүйесінде болашақ педагогтердің цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, икемді оқу ортасын ұйымдастыру және оқыту үдерісін инновациялық тұрғыдан жобалау қабілеттерін дамыту ерекше маңызға ие болып отыр. Осыған байланысты мақалада European Schoolnet бастамасы аясында әзірленген Future Classroom Lab (FCL) моделінің болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау үдерісіндегі мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеу барысында аталған модельдің педагогикалық жоғары оқу орны жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпалы талданды. Зерттеудің негізгі мақсаты -Future Classroom Lab кеңістігінің педагогикалық әлеуетін анықтау және оның негізінде студенттердің технологиялық, педагогикалық әрі кеңістіктік ойлауын дамытуға мүмкіндік беретін әдістемелік шешімдерді ұсыну. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін аралас зерттеу әдістері қолданылып, сандық және сапалық деректер кешенді түрде талданды.Тәжірибелік жұмыс университет жанынан құрылған Future Classroom Lab зертханасында ұйымдастырылды. Зерттеу барысында болашақ пән мұғалімдерінің оқу кеңістігін тиімді ұйымдастыру, әртүрлі оқу сценарийлерін құрастыру және цифрлық технологияларды оқыту мақсаттарына сәйкес қолдану қабілеттері зерттелді. Қатысушылардың кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау үшін TPACK моделі пайдаланылып, әзірленген сабақ жоспарлары мен оқу сценарийлеріне мазмұндық талдау жүргізілді.Алынған нәтижелер Future Classroom Lab ортасында жүйелі түрде ұйымдастырылған оқу жұмысы студенттердің педагогикалық қызмет туралы көзқарасын едәуір өзгерткенін көрсетті.Сонымен қатар олардың икемді оқу кеңістігін құрастыру, бірнеше цифрлық құралдарды бір мезгілде пайдалану және білім алушылардың оқу әрекетін алдын ала жобалау дағдыларының айтарлықтай дамығаны анықталды. Зерттеу қорытындылары Future Classroom Lab моделін педагогикалық кадрларды даярлау жүйесіне енгізудің тиімділігін растайды. Ұсынылған тәсіл болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін заманауи мектеп талаптарына сәйкес дамытуға мүмкіндік береді. Инновациялық білім беру ортасын ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеуге негіз бола алады.</jats:p>

Show More

Keywords

оқу болашақ және future classroom

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect