Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Мақалада қазақ тіліндегі фразеологизмдердің құрамында кездесіп қалатын мағынасы көмескіленген сөздердің этимологиясы қарастырылады. Тілімізде уақыты белгісіз ерте кездерде қалыптасқан тұрақты тіркестердің беретін мағынасы түсінікті болғанымен, тіркес құрамындағы кейбір сөздер қазіргі замандағы тіл қолданушыларға түсініксіз бола бастаған. Бұл тілдің даму барысында қалыптасатын заңды құбылыс болып табылады. Автор осындай көнерген сөздердің семантикасын ашуды мақсат тұтқан. Сөз этимологиясын ашу біршама қиындықтар тудыратындықтан, кейбір талдаулардың нәтижесі болжамдық сипатқа ие болады. Жалпы этимологиялық талдау болжамдарға сүйенетінінін ескерсек, бұл қате тұжырымға жатпайды. Ұсынылған болжамдардың бірінде ақиқат жатуы да бек мүмкін. Сондықтан тіл білімінде бір сөз немесе бір атау туралы болжамдардың мол болғаны жақсы деп есептеледі. Автор, сонымен бірге, тұрақты тіркес құрамындағы мағынасы көмескіленген сөздің түп төркінін іздегенде, осы уақытқа дейін айтылып келген ғылыми тұжырымдарды келтіре отырып, оларды салыстыра қарап, содан соң өз анықтамасын ұсынады. Бұл ғылыми этика жағынан да дұрыс келеді және талданып отырған мәселеге кешендік сипат береді. Мақалада автор мағынасы анықталған көне сөзді көпшілікке түсінікті жаңа сөзбен ауыстыруға үзілді-кесілді қарсы шығады. Ғасырлар бойы қалыптасып, қолданылып келе жатқан тұрақты тіркестердің құрамын өзгертуге болмайды. Егер өзгертіп жіберсек, тұрақты тіркестің мағынасы ауысып кетуі мүмкін немесе сапалық мәні солғындауы мүмкін екенін ескертеді. Кілтті сөздер: фразеологизм, тұрақты тіркес, семантика, этимология, күңгірт, көмескі.</jats:p>