Abstract
<jats:p>Бұл жұмыста Атасу-Алашанькоу мұнай айдау құбырының ішкі бетінде түзілген мұнай шламын жоғары вольтты қысқа импульсті электрогидравликалық разряд әдісі арқылы қайта өңдеу процесін зерттеу нәтижелері келтірілген. Негізгі электрофизикалық параметрлердің - разрядтық кернеудің, конденсатор батареясының сыйымдылығының, өңдеу ұзақтығының, ауа электродтары арасындағы қашықтықтың және катализатор қоспасының мұнай шламынан алынатын жеңіл және орташа фракциялар шығымына әсері жан-жақты зерттелді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, фракция шығымының ең жоғары мәні 36,4 %-ға дейін артатыны анықталды. Никель жалатылған цеолит катализаторының жоғары молекулалы қосылыстардың деструкциясын арттыратыны және электрофизикалық параметрлердің оңтайлы мәндерін таңдау процестің энергия тиімділігін ұлғайтатыны анықталды. Алынған нәтижелер мұнай қалдықтарын қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың энергия үнемді технологияларын жетілдіру үшін негіз бола алады. Сонымен қатар, зерттеу барысында алынған мәліметтер электрогидравликалық әсердің физика-химиялық механизмдерін терең түсінуге мүмкіндік береді және болашақта катализатор құрамын жетілдіру мен өңдеу параметрлерін оңтайландыру бағытында қолдануға болады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері экологиялық қауіпсіз және энергия тиімді технологияларды өнеркәсіптік деңгейде енгізудің әлеуетін көрсетеді. Бұл өз кезегінде мұнай өндіру және қайта өңдеу салаларында технологияларды дамытуға жол ашады. Кілтті сөздер: мұнай шламы, нанокатализатор, жоғары вольтты қысқа импульсті электрогидравликалық разряд (ЖВҚИР), жеңіл және орташа фракциялар</jats:p>