Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл жұмыста Жезді байыту фабрикасының техногендік марганец қалдықтарын (Mn – 10,6 %, Fe – 2,7 %, SiO₂ – 59,8 %) құрғақ жоғары градиентті магниттік сепарациялау параметрлерін оңтайландыру жолдары зерттелді. Минералогиялық талдаулар барысында марганецтің негізінен әлсіз магнитті оксидтік фазаларда (браунит, псиломелан) шоғырланғаны көрсетілді. Өз барысында бұл қуатты магнит өрістерін қолдану керектігін негіздеді. Зертханалық сынақтар РС-В 12/10-12.018 -2012 ленталы магниттік сепарация қондырғысында 0,5–1,1 Тл индукциялар аралығында үш сатылы схема бойынша жүргізілді. Негізгі сепарация (1,1 Тл) жүргізілді және алынған жартылай өнімді екі рет қайта тазалау (0,7 және 0,5 Тл) нәтижесінде түпкілікті магниттік концентратта марганецтің мөлшері 29,07 %-ға жетіп, бастапқы құрамға қарағанда шамамен үш есеге артты; Mn-ті техногендік қалдықтан жалпы бөліп алу 66,82 %-ды қүрап, концентрат шығымы 24,34 % болды. Кремний оксидінің үлесі 59,8 %-дан ≈ 33 %-ға дейін төмендеп, концентраттың металлургиялық сапасы айтарлықтай жақсарды. Ұсынылған құрғақ жоғары қарқынды магниттік сепарация технологиясы техногендік марганец қалдықтарын тиімді қайта ұқсату және металлургиялық өңдеуге жарамды тауарлық концентрат алуға зор мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: марганец, техногендік минералды шикізат, қалдықсақтау, рентгенофазалық талдау, магниттік сепарация, марганец минералдары, кремнии оксиді.</jats:p>

Show More

Keywords

магниттік техногендік марганец сепарация Тл

Related Articles

PORE

About

Connect