Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Abstract
<jats:p>Бұл мақалада синтетикалық маймен толтырылған бұрандалы компрессорда көпкомпонентті табиғи газды сығу кезіндегі процестер кіріс қысымының тұрақсыз тербелістері жағдайында сандық тәсілмен зерделенген. Зерттеудің өзектілігіне келсек газ тасымалдау жүйелеріндегі жұмыс атқаратын компрессорлардың кезеңді және кездейсоқ сипаттағы кіріс параметрлері ауытқуы кезіндегі жұмыс күйін нақтырақ болжау мәселесімен байланысты. Сандық модельдеу есептеуіш гидродинамика (CFD) негізінде жүргізілді: бұрандалы жұптың нақты геометриясы, саңылаулардағы ағып кетулер, турбуленттік әсерлер және көпкомпонентті қоспаның термодинамикалық қасиеттері жылжымалы есептік торлар арқылы ескерілді. Кіріс қысымының уақытша өзгерісі мерзімді және шартты кездейсоқ өзгеріс үлгілері арқылы берілді. Батыс Қазақстан кен орындарына тән газ қоспасы (CH₄ 78%, C₂H₆ 8%, C₃H₈ 4%, C₄H₁₀ 2%, N₂ 5%, CO₂ 3%) үшін стационарлық, гармоникалық (f=12 Гц, Δp=±12%) және стохастикалық кіріс режимдерінде есептеулер жүргізіле отырып, тұрақсыз сору режиміндегі пульсациялық күшею коэффициенті K_p = 1,95–2,30 деңгейіне жеткені, көлемдік өнімділіктің 8–10%-ға кемігені, политроптық ПӘК-тің 7–9%-ға төмендегені және меншікті жұмыстың 6,3–8,9%-ға артқаны анықталды. Газ компоненттік құрамының энергетикалық сипаттамаларға ықпалы сандық бағаланып, нәтижелер компрессорлық жабдықтың жұмыс режимдерін оңтайландыруға арналған инженерлік шешімдер үшін қолданылуы мүмкін екені анықталды. Кілтті сөздер: бұрандалы компрессор, көпкомпонентті табиғи газ, бейстационар сығу, кіріс қысымының тербелістері, CFD-модельдеу, энергетикалық тиімділік, пульсация күшею коэффициенті.</jats:p>