Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 184
Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада электр станцияларындағы негізгі энергия өндіруші жабдықтардың сенімділігін арттыру мақсатында болжаулы жөндеу (Predictive Maintenance) технологияларын енгізудің маңыздылығы мен тиімділігі жан-жақты қарастырылады. Энергетикалық объектілердің жұмыс режимдері күрделеніп, жабдықтың тозуы үдеген қазіргі жағдайда дәстүрлі жоспарлы жөндеу жүйесі істен шығулардың алдын алуда жеткіліксіз болып отыр. Осыған байланысты нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін вибродиагностика, термография, ультрадыбыстық бақылау, май талдауы, IoT сенсорлар және деректерді өңдейтін Machine Learning алгоритмдері негізіндегі Predictive Maintenance әдістері жабдықтың техникалық жағдайын дәл бағалауға мүмкіндік береді. Мақалада болжаулы жөндеудің жұмыс принциптері, деректерді жинау және талдау кезеңдері, ақауларды ерте анықтау модельдері және жабдықтың қалдық ресурсын болжау әдістері сипатталады. Сонымен қатар, электр станцияларына енгізілген Predictive Maintenance жүйелерінің нақты нәтижелері талданып, олардың жоспардан тыс тоқтауларды азайту, жөндеу шығындарын қысқарту, жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзарту, және электр энергиясын өндірудің тұрақтылығын арттыру сияқты артықшылықтары көрсетіледі. Зерттеу қорытындылары Predictive Maintenance технологияларының энергетика саласында цифрландыру үрдісінің негізгі элементі болып табылатынын дәлелдейді. Авторлар болжаулы жөндеу жүйелерін енгізу энергетикалық қауіпсіздікті күшейтуге, станциялардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға және энергия өндіруді оңтайландыруға мүмкіндік беретінін атап өтеді. Кілтті сөздер: Болжаулы жөндеу, жабдықтың сенімділігі, диагностика, вибродиагностика, деректер талдауы, ақауларды ерте анықтау, энергетикалық жабдық.</jats:p>

Show More

Keywords

жөндеу жабдықтың және predictive maintenance

Related Articles


Deprecated: Function curl_close() is deprecated since 8.5, as it has no effect since PHP 8.0 in /home/u483256323/domains/poorvam.com/public_html/subdomains/pore/includes/api.php on line 76
PORE

About

Connect